Shakarim University Campus
 

{project_name}

Solveathon 2025 жылдың 6-8 желтоқсан аралығында Shakarim University-де өтеді.

Тіркеудің басталуы
Solveathon басталуы
 
 

Solveathon туралы

Бұл студенттерді, зерттеушілерді және индустрия өкілдерін біріктіретін инновациялық жобалар челленджі. Үш күн ішінде командалар индустриялық серіктестер – кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынған өзекті мәселелердің шешімдерін әзірлейді. Командалық жұмысқа негізделген челлендж форматы әзірлемелердің практикалық маңыздылығын қамтамасыз етеді және қысқа мерзімде нақты индустрия үшін қолданбалы шешімдер шығаруға мүмкіндік береді.

“Shakarim Solveathon: AI&Agriculture” жастардың бастамаларын ілгерілету және университеттің индустриямен серіктестігін нығайту үшін маңызды алаңға, ал болашақта жыл сайынғы дәстүрге айналады.

Сыйақы қоры
Челлендж аясында жеңімпаз командаларға төмендегідей ақшалай сыйлықтар белгіленеді:

  • 1-орын — 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • 2-орын — 700 000 (жеті жүз мың) теңге;
  • 3-орын — 500 000 (бес жүз мың) теңге.

Сыйақылар челлендж барысында ұсынылған ең тиімді және инновациялық шешімдерді ынталандыруға бағытталған.

Форматы және кезеңдері

 
 

5 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН

Дайындық кезеңі

Ресми solveathon.shakarim.kz сайтында индустриялық серіктестердің міндеттері жарияланады және тіркелу ашылады.

 

6 ЖЕЛТОҚСАН (1-КҮН)

Челлендждің басталуы

Салтанатты ашылуы. Серіктестер міндеттерді таныстырады. Командалар кейстерді таңдап, идеялар генерациясымен жұмыс істейді.

 

7 ЖЕЛТОҚСАН (2-КҮН)

Жобалармен жұмыс

Командалар шешімдер әзірлеп, модельдер құрады, прототиптерді сынайды. Менторлық консультациялар мен аралық питчтер өткізіледі.

 

8 ЖЕЛТОҚСАН (3-КҮН)

Финалдық қорғау

Командалар қазылар алқасының алдында жұмыс нәтижелерін таныстырады. Жобаларды бағалау, қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау.

 

БАЙҚАУДАН КЕЙІН

Қорытынды кезең

Әр команда серіктес ұйымға қорытынды материалдар мен жобалық ұсыныстарды дайындап, тапсырады.

Серіктестер

QAZAQ ASTYQ GROUP
EURASIA AGRO Semey
ZHANASSYL